АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрлігі коммерциялық қызметке араласу әрекеті үшін қызметтен босатылған Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаевты өз жүйесінде қалдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.
Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі қызметінен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін босатылған. Әбибуллаевтың қызметтен босатылу себебі коммерциялық қызметке араласу әрекеті болған.
"Оның тәжірибесі мен сыртқы саяси ведомствоның жұмысына соңғы 20 жыл бойы қосқан үлесін ескере отырып, біз оны сыртқы істер министрлігінің жүйесінде қалдыруды жоспарлап отырмыз. Көбіне бұл оның шешіміне байланысты болмақ. Еңбек заңнамасына сәйкес, Алтай Әбибуллаевты жұмысқа қабылдаудың әртүрлі нұсқаларын қарастыру үшін ешқандай кедергілер жоқ", — деді Әбдірахманов журналистерге.