АСТАНА, 13 нау – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан елордасына сапары 22-23 наурызда өтеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"22-23 наурызда Астанаға Өзбекстан президентінің алдағы сапарынан кейін, Қазақстан елордасына Орталық Азиядағы мемлекеттердің кейбір басшыларының да сапарлары трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында елдердің бірлігінің тағы бір дәлелі болатынына сенімдімін",- деді Әбдірахманов мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Осы орайда Қ. Әбдрахманов Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасында екіжақты және көп жақты негізде шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті.
Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті қызметіне 2016 жылғы 2 қыркүйекте Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін кірісті.