АСТАНА, 13 нау – Sputnik. Катерина Клеменкова. Қамауда тергеу изоляторы қызметкерінен бала тауып, қазір бостандыққа шыққан Наталья Слекишина шайқасқа дайындалып жатыр. Оның адвокаты Айман Омарова процестің оңай болмайтынын және ұзаққа созылатынын алға тартады.
"Қазір біз жаңа, үшінші қылмыстық іске құжат әзірлеп жатырмыз, — деді Sputnik Қазақстанға Айман Омарова. – Екі қылмыстық іс қозғалып қойды. Біреуі Алматы қаласының №18 тергеу изоляторы бастығының орынбасарына қатысты. Ол Слекишинаның зорлау туралы арызын жасырған. Екіншісі – 5 миллион теңге туралы өтірікке қатысты. Бақылаушы Руслан Хакимов Натальяға 5 миллион теңге бергенін алға тартқан".
Енді түрме бақылаушыларының құрбаны бостандықта қалған үш зорлаушыға қатысты қылмыстық істің қозғалуына қол жеткізбек.