АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 10 наурыз күні кешке әйел кісі №27 шағын автобуста көз жұмды, деп жазады "Алау" басылымы.
Басылымының хабарлауынша, әйел өзін нашар сезінген. Жолаушылардың бірінің медициналық білімі бар болып шықты. Ол мүсәтір спиртін пайдаланып, әйелдің жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырған. Алайда әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.