АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Сириялық қаруланған оппозиция Астанадағы кездесуге шақырту алған соң бірқатар қатысу шарттарын алға тартты деп жазады РИА Новости делегацияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Астанадағы сирияаралық кездесулердің үшінші кезеңі 14-15 наурызға жоспарланған.
Сирияның төңкерістік әскери күштері делегациясы кездесуге қатысуы үшін төрт шарт қойды.
Оның ішінде, Астанадағы кездесуді 7-20 наурыз аралығына жарияланған бітімгерлік аяқталғаннан соң өткізуді талап етті.