По властью циклонов: синоптики о погоде в выходные
"Алдағы демалыс күндері мен дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарына биіктік циклон ықпал етеді. Соның әсерінен ауа райы жауын-шашынды, бұлтты болуы ықтимал, ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градусқа төмен. Республиканың қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды", — деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметінің баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қазақстанның басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, көзге көріну 100 метр мен 500 метр аралығында шектеледі.