Саясат

Президенттің Ата заңға қол қойған қаламы музейге тапсырылады

Жазылу
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойды

АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойған қаламы музейге тапсырылады. 

Бүгін 10 наурыз Қазақстан Президенті "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға жария түрде қол қойды. 

"Мына қаламды музейге тапсырайық", — деді Назарбаев құжатқа қол қойғаннан кейін. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Конституцияға өзгерістерді талқылауға белсене атсалысқан ел азаматтарына алғыс айтты

Мемлекет басшысы атап өткендей, заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өтті. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. 

"Мен қоғамдық талқылауға белсене атсалысқан ел азаматтарының бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, жұмыс тобына зор алғыс айтамын. Жұмыс тобына мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, заңгерлер, университеттер басшылары қатысты. Парламент депутаттары көп ұсыныс енгізіп, нақты жұмыс істеді. Барлық шаралар үшін рахмет айтамын. Заңмен жұмыс жүргізіп, маңызды міндет атқарған Парламент депутаттарына да көп рахмет. Осылайша, Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті", — деді Елбасы.  


Жаңалықтар
0