АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жаууы мүмкін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде жауын-шашын болады деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде төменнен соққан боран болады.
Алматы облысында – тұман, көктайғақ.
Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында – тұман, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тұман.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде жел күшейеді – 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с болып, төменнен соққан боран болады, Қарағанды облысында – тұман.
Шығыс Қазақстан облысында – төменнен соққан боран, түнде және таңертең тұман.