Саясат

Дамаск пен Сирия оппозициясы Астанадағы кездесуге келетінін растамады

© Sputnik / Болат ШайхиновСирийские переговоры в Астане
Сирийские переговоры в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық келіссөздердің үшінші раунды 14-15 наурызда өтеді деп жоспарланған

АСТАНА, 9 нау – Sputnik. Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция қазіргі уақытта Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі жоғары деңгейдегі кезекті халықаралық кездесуге қатысып, қатыспайтыны туралы ресми хабарлаған жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі жоғары деңгейдегі кезекті халықаралық кездесу 2017 жылғы 14-15 наурызда Қазақстанның астанасында өтеді. Келіссөздерге Ресей, Түркия және Иранның жоғары лауазымды делегациялары қатысады. БҰҰ, АҚШ және Иордания өкілдеріне шақырулар жолдануда. Кепілдік беруші мемлекеттер тарапынан Сирия үкіметі және қарулы оппозициясы делегацияларының кездесуге қатысулары бойынша растаулары күтілуде.

14 наурызға алдын ала консультациялар жоспарланған, ал 15 наурызға жалпы отырыс белгіленген.

"Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық күш-жігерлерге өзінің барлық үлесін қосуды және Сирияның ішкі қақтығысын саяси түрде шешу жолдарын іздеуді әрі қарай жалғастыруға дайын", —  делінген хабарламада. 


Жаңалықтар
0