Оқиға

Ұлттық ұлан генералы теракт кезінде қорқақтық танытқан офицерлер туралы пікір білдірді

© Sputnik / Табылды Кадырбековәскери қызметкерлер
әскери қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теракт күні кезекшілік еткен офицерлер террористтерге тойтарыс берудің орнына бөлімшеден қашып кеткен

АСТАНА, 9 нау – Sputnik. Қазақстан Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхамбетқали Сатов террористтер шабуыл жасаған кезде ақтөбелік әскери бөлімшеде жігерсіз офицерлердің болғанына өкініш білдірді.

2016 жылы 5 маусымда Ақтөбеде террорлық акт болды. Бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ұлттық ұланның әскери бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметкерлер болатын. Кейін анықталғандай, сол күні кезекшілік еткен екі офицер террористтерге тойтарыс берудің орнына бөлімшеден қашып кеткен. Оларды рақымшылыққа ілігу құқығынсыз 3,5 және 4,5 жылға бас бостандығынан айыруға соттады. 

"Өкінішке орай, біздің қатарымызда сол уақытта батылсыздық және жігерсіздік танытқан әскери қызметкерлер бар. Бірақ, заңға сәйкес олар жауапқа тартылды. Мен мұны дұрыс деп есептеймін", — деді генерал-майор Сатов Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған әсери қызметкерлердің аналарымен кездесу барысында. 

Кездесуге террористтердің әскери бөлімшеге жасалған шабуылына тойтарыс берген әсери қызметкерлердің аналары шақырылды. Генерал олардың батылдығын атап өтіп, балаларына лайықты тәрбие бергендері үшін алғыс білдірді. 


Жаңалықтар
0