МИД РК прокомментировал арест казахстанца в РФ за секс с подростком
"Біз қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз, ұсталған адамның шын мәнінде Қазақстан азаматы ма, жоқ па анықтап жатырмыз. Мән-жайды анықтап болғаннан кейін ресейлік әріптестерімізбен бірлескен жұмыс істейтін боламыз", — деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.
Мәскеу түбінгегі Подольскіде жасөспірім қызбен ұзақ уақыт жыныстық қарым-қатынаста болғаны үшін 20 жастағы ер адам ұсталған. Бұл қылмыс осы азаматқа қатысты басқа бір қылмыстық істің тергелуі барысында анықталды. Істің анық-қанығы белгілі болғанда, тергеушілер ер адамға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматты бірден қамауға алды.
Нақты пікірді Sputnik Қазақстан радиосынан тыңдаңыздар.