Өңірлер

Тараз прокуроры сараң жұмыс берушілерді жазалағысы келеді

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараздағы қадағалау органы мемлекеттік бюджетке зиянын тигізіп отырған жұмыс берушілерді айыптап отыр

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қала прокуратурасы кері (регресс) тәртібінде мемлекеттің мүддесіне қаржы өндіру бойынша жұмыс атқарды деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының ресми баспасөз хабарламасында. 

Тараз қалалық сотының 27.06.2016 жылғы шешімімен  "Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ю.К.Салагаевтың 17.02.2016 жылғы №8 ж/қ  санды бұйрығы заңсыз деп танылып, мекеменің қызметкері А.М.Қасымбеков  бұрынғы жұмысына қайта орналасқан. 

Сот мемлекеттік мекемеден талапкердің пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына  299 172 теңге, 15 000 теңге көлемінде моральдық зиян және 6 174 теңге мемлекеттік баж өндірген. Яғни, басшы Ю.К.Салагаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 320 346 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. 

Қала прокуратурасы Азаматтық кодекстің 933-бабына сәйкес мемлекеттің мүддесі үшін талап арызын берді, Тараз қалалық сотының 02.02.2017 жылғы шешімімен Ю.К.Салагаевтан мемлекеттің пайдасына 329 956 теңге кері (регресс) тәртібінде өндірілді.  Осыған тектес, прокурордың талап арызымен Тараз қалалық сотының 17.01.2017 жылғы шешімімен "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ-нің бұрынғы басшысы Р.Байтелиевтен мемлекеттің пайдасына 202 501 теңге кері (регресс) тәртібінде өндірілді. Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелердің басшыларының кінәсінен мемлекеттен өндірілген 14 шешім бар, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, осы тектес талап арыздар сотқа дайындалуда.

Жаңалықтар
0