Оқиға

Астанада "гастролдік сапарда" жүрген бір топ ұрлықшы ұсталды

© AFP 2024 / HECTOR MATAҰстау
Ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәтерлерді тонады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарынан келген жас жігіттер ұсталды

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Елордалық полицейлер Астанада пәтерлерді тонаған ұрлықшыларды ұстады деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 22-23 жастағы тұрғындары қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Олар елордада оннан астам пәтерді тонаған. 

Сонымен қатар, алтыншы наурыз күні Астанада 16 пәтер тонаған Қостанай облысы тұрғыны ұсталды. 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Ұрлық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0