АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. "Ашық НҚА" порталында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы талқылануда деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы ("Қазақстанның киберқалқаны") талқылау, оған ұсыныныстар мен идеялар енгізу үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Тұжырымдама ақпараттандыру және байланыс саласында қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану барысында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын сақтау мақсатында әзірленген.
"Осы Тұжырымдаманың орындалуы Қазақстан қоғамының одан әрі жаңғыртылуына және Қазақстанның БҰҰ Ғаламдық киберқауіпсіздік бағдарламасын іске асыруына қосылған үлес болады", — делінген хабарламада.
Аталған құжаттың мазмұнымен танысып, ұсыныстар енгізу мүмкіндігі азаматтар үшін наурыздың 15-не дейін қолжетімді болады. Келесі сілтемеге өту арқылы тұжырымдаманы талқылауға қатысуға болады.