Өңірлер

Қазақстанның солтүстік облыстарында қар жауады

© Sputnik / Владимир ФедоренкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстігінде төменнен соққан боран болады, өзге өңірлерде тұман түсіп жел күшейеді

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында қар жауып, төменнен соққан боран болады деп хабарлады "Қазгидромет".

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде  - тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23, күндіз ұйытқуы 28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран.

Павлодар облысында – көктайғақ, күндіз желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтар
0