Оқиға

Бурабайда улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бурабай дәмханасында өткен ас беруден кейін 40-тан астам адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 7 нау – Sputnik. Бурабай шипажайындағы мейрамханада өткен аста адамдардың жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Бурабай аудандық прокуратурада. 

"Бурабай кентінде адамдардың жаппай улану дерегі бойынша 304-быптың 1-бөлімі "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан бұзу " бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деді агенттікке Бурабай аудандық прокуроры Дархан Аманбай.

Бурабай орталық аудандық ауруханасына 28 ақпанда науқастар келіп түсе бастады. Бүгінгі таңда 44 адам өздерін жайсыз сезінген. Олардың барлығы жылқы етін жеген. 

Жаңалықтар
0