Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ер адам қорғасыннан уланды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуЖан сақтау
Жан сақтау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша, қорғасынмен жұмыс істеу салдарынан ер адамда аллергия басталған

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Риддер ауруханасына "асқынған қорғасын интоксикациясы" диагнозымен ер адам жатқызылды деп жазады аймақтық YK-news.kz басылымы.

Қалалық әкімшіліктің айтуына қарағанда, науқас үш күн бойы қорғасынмен жұмыс істеп, 6 наурыз күні ауруханаға түседі. Қалалық кәсіпорындардың бірінде ер адам мойынтіректерді баббитпен, яғни құрамында қорғасын бар қорытпамен қаптаған. 

Болжам бойынша, зиянды металмен жұмыс істеу улануға себеп болған, өйткені зардап шегушіде аллергия басталыпты. Екі күннен соң аяқ-қолдары ісініп кеткен. Қазір ер адам жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. 


Жаңалықтар
0