Қоғам

Астанада хабарландыру жүйелері тексеріледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Елорда тұрғындарынан хабарландыру жүйелерін тексеру кезінде сабырлық танытып, сыбыстарға сенбеуді сұрайды

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент 9 наурыздан бастап ай сайын Астанадағы хабарландыру жүйелерін тексеретін болады деп хабарлайды департамент баспасөз қызметі.

Бейсенбі күні таңғы сағат 9-да электр сиреналар қосылып, телерадиоарналар екі минутқа өшіріледі.

"Сабырлық сақтап, алып-қашпа әңгімелерге сенбеулеріңізді сұраймыз", — деп өтініш білдірді ТЖ жөніндегі департамент.

Мұндай тексеру шаралары жоспарлы түрде ай сайын жүргізіліп отырады.

Электр сиреналар немесе басқа да дабыл құралдары қауіп төнген сәтте немесе төтенше жағдай болған кезде іске қосылады.

Мұндай дабылды естіген бойда ақпарат алу құралдарын қосқан жөн ("Хабар", "Қазақстан", "Первый Евразия", "Астана", КТК, НТК телеарналары; радио — "Астана", "Шалқар", "Ретро FM", "Авторадио", "Казақ радиосы"), сол арқылы болған жайт туралы мәлімет пен не істеу қажеттігі жайында нұсқау аласыз. 

Жаңалықтар
0