Қоғам

Қазақстан жылқы туралы деректі фильм түсіреді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото соревнований по скачкам
Архивное фото соревнований по скачкам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
EQUUS (жылқы) - "Қазақстан" телеарнасы мен Cleawater Documentary Inc компаниясының бірлескен жобасы

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. "EQUUS" (жылқы) деректі трилогиясының түсірілім жұмыстары Қазақстан аумағында өтеді. Бес мемлекеттің бірлескен жобасы 2018 жылы аяқталып, деректі фильм 50 елге таратылады деп жоспарланып отыр. 

"Бүгін біз өте маңызды меморандумға қол қойып жатырмыз. Өте маңызды жоба. Осы жоба еліміздің имиджін, туристік мүмкіндіктерін, ғылыми-зерттеу саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта жылқы біздің елдің аумағында қолға үйретілді деген деректер бар. Сондықтан осы жобаға қатысамыз деп бел будық", — деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Өз кезегінде Қазақстан арнасының басшысы Ерлан Қарин атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты — Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жылқылардың өмір сүру салты мен материалдық мәдениетін ең үздік ғылыми жетістіктер негізінде зерделеу. 

Ерлан Карин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық арнада үнді сериалдары енді көрсетілмейді

Баспасөз мәслихаты барысында атап өтілгендей, Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырған ел екені белгілі. Сондай-ақ әлемге әйгілі жеті тілдің (индо-еуропалық) пайда болған мекені, Солтүстік Еуропадан Орталық Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті. "EQUUS" сериалы жылқы жануарының адамзат тариxындағы рөлін ашып, Орталық Азияда жылқының шығу тегі турасындағы жаңалықтарды баяндайды. 

"EQUUS" жобасының түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қазақстандық кинематографистер,актерлер, дублерлер, өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстандық кинематографистер үшін бұл мол тәжірибе ғана емес, сонымен қатар ғылыми дерекнама  бағытында руxани-мәдени  алмасу болмақ.

Жалпы, бұл жобаға Қазақстаннан басқа төрт мемлекет қатысады. Деректі трилогия Канада, АҚШ, Германия және Франция елдерінің ұлттық ақапарат тарату корпорациялары арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесі.

Бірлескен жоба 2018 жылы аяқталып, осы жылы 50 елге таратылады деп жоспарланған.


Жаңалықтар
0