АСТАНА, 7 нау — Sputnik. Қардың қалың жауына байланысты Қостанайдың кейбір аудандары су басу қауіпі алдында тұр, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы.
Қостанай әкімі орынбасары Ерлан Теменовтің айтуынша, қала аумағы бойынша қала аумағы бойынша еріген қар суының жүру картасы жасалған. Су басу қауіпі бар қала аумағынан қар шығару жұмыстары жалғасатын болады. Су басуы ықтимал жерде орналасқан үйлер анықталып, олардың тұрғындарының саны анықталатын болады.
"Түнгі уақытта ауа температурасы минусты көрсеткенімен, қазірдің өзінде тәуліктік кезекшілік белгіленді", — деп атап өтті әкім орынбасары.