Қоғам

Науқастың өліміне айыпты деп танылған дәрігерлер түрмеден құтылып кетті

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуХирургия
Хирургия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уақытында диагноз қойып, дұрыс ем алмағанның салдарынан көз жұмған науқастың қазасына айыпты үш елордалық дәрігер сотталды

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Науқастың өліміне себепкер болған үш дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дәрігерлер ісі: құпия деректер жария болды

Іс деректеріне сүйенсек, 2016 жылы 4 ақпанда сағат 20.30 кезінде "жедел жәрдем" бригадасы №2 қалалық ауруханаға ауыр хәлдегі 57 жастағы ер адамды жеткізеді, ол асқынған жүрек-қан тамыры ауруымен сырқаттанған.

Миокард инфарктын болдырмау үшін ер адам тексеріліп, соның нәтижесі бойынша дәрі-дәрмекпен емдеу шешімі шығарылады. Стационарлық емдеу барысында, науқас оң жақ бүйірінің қатты ауыратынын айтып шағымданған соң, оны қарау үшін екі хирург-дәрігер шақырылады, бірақ олар хирургиялық патологияны жоққа шығарған.

"Ауыр науқастың хәлі нашарлап кеткеніне, шұғыл арада хирургиялық көмектің қажеттігіне қарамастан, дәрігелер қажетті медициналық көмекті толығымен көрсетпеген", — деп жазылған сот хабарламасында.

Науқасқа 10 ақпанда ғана "асқынған аппендицит" диагнозы қойылып, шұғыл арада операция жасауға жіберіледі. 

"Алайда диагноз кеш қойылғандықтан, науқас көз жұмған", — деп атап өтілген сот хабарламасында. 

Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімімен 2017 жылғы 24 ақпаннан бастап емдеуші дәрігер мен хирург дәрігерлер қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, әрқайсысы екі жылға бас бостандығынан және екі жылға хирургиялық қызметпен айналысу құқығынан  айырылды.

Алайда, таяуда қабылданған рақымшылық заңына байланысты сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Жаңалықтар
0