АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Жексенбі күні Екібастұздағы бас көшеде болған газ баллон жарылысы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"16:45-те "Достық" аялдамасында жарылыс болды. Кішкентай ас үй газ баллоны жарылып кетті", — деп хабарлайды "Полезный Экисбастузец" аккаунты әлеуметтік желіде.
Екібастұз ішкі істер басқармасы 204 бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
ТЖ жөніндегі департамент хабарлағандай, жарылыс салдарынан аялдамаға жақын орналасқан мекеменің жұмысшылары зардап шеккен.
Келтірілген зиян сомасы мен жарылыс себебі анықталуда.