Оқиға

ОҚО-да анасы жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа туған сәбиін жол сөмкесіне салып, көшеге тастап кеткен әйелді екі жылға бостандығынан айыруы мүмкін

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Ақбұлақ ауылының жергілікті тұрғыны көшеден шақалақты тауып алған, полиция тастанды сәбидің анасын іздестіруде деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

овчарка  собака туфли - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы 4 наурызда сағат 16:45 кезінде Сайрам АІІБ-на аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне көшеден табылған нәрестенің түскендігі туралы хабар айтылған.

"Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер анықтағандай, Ақбұлақ ауылының көше қиылыстарының бірінде жергілікті тұрғын әйел жол сөмкесінен жаңа туған нәресте қызды тауып алған. Әйел адам бірден жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер шақалақты аудандық ауруханаға жеткізіпті. Қазір нәрестенің жағдайы қанағаттандырарлық", — деп хабарлады ауруханада.

Жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. 

Қазір полиция әйелдің кім екенін анықтауда. Сот  алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0