Спорт

Депутат жанкүйерлер төбелесін спортқа айналдыруды ұсынды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуЖанкүйерлер
Жанкүйерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортты "draka" деп атау ұсынылды

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. РФ мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР мүшесі Игорь Лебедев футбол жанкүйерлерінің "стенка на стенку" жарыстарын тағайындауды ұсынады, деп хабарлайды партия сайты.

"Жанкүйерлермен арада байланыс орнатуға болады, олармен жұмыс істеу керек. Біздің жанкүйерлеріміз бұзақы емес, нағыз жауынгер болғандықтан, олардың төбелесін спорт түріне айналдыра аламыз. Спорттық жекпе-жек дегеніміз не? Бұл спорт түріне айналған екі адамның төбелесі емес пе. "Стенка на стенку" төбелесі сияқты орыс халқының ұлттық қызығын дәл солай спорт түріне айналдырған дұрыс қой? Ережелер енгізіп, командалар арасында жарыстар өткізсе болды", — дейді депутат.

Мемлекеттік дума вице-спикерінің айтуынша, жұрт футбол матчы үшін ғана емес, осындай қызық ойын үшін де көбірек жиналар еді.

Жаңалықтар
0