Әлем

Оңтүстік Корея әскерилері КХДР-дың төрт баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады

© AP Photo / Lee Jin-manЗапуск ракеты КНДР
Запуск ракеты КНДР - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш зымыран жапониялық ерекше экономикалық аймағына құлады: теңіз кемелеріне қауіп төндірілді

АСТАНА, 6 нау — Sputnik. Корея Республикасының әскери қызметкерлері КХДР-дың Жапон теңізі үстінен төрт баллистикалық ракета ұшырғанын хабарлады, деп жазады РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

"Біздің бағалау бойынша, Солтүстік Корея төрт баллистикалық зымыран ұшырды", — деп хабарлайды агенттік Оңтүстік Корея ҚК штаб басшылары комитетіне сілтеме жасай отырып. 

Бұрын сол күні КХДР-дағы зымыран сынамаларын туралы хабарлама пайды болды. Жапония үкіметі төрт зымыранның үшеуі жапониялық ерекше экономикалық аймағына құлап, әуе және теңіз кемелеріне қауіп төндіріп отыр деп мәлім етті. 

Зымырандарды ұшырудан зиян туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ. Оңтүстік Корея қаруыл күштері штаб басшылары комитетінің деректеріне сәйкес, ұшырулар Жапон теңізіне қарай жасалған. 


Жаңалықтар
0