Оқиға

Дүйсенбі ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтусары шымшық
сары шымшық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с, екпіні 28 м/с, кей жерлерде түнде тұман түседі

Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей аумақтарында тұман түсіп, жел 18 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

 

Жаңалықтар
0