АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Оштың 64 жастағы тұрғыны Бааркан Қалдыбаева 10 жылдан бері баласын таба алмай жүр. Бұл жағдай туралы қарт ана Sputnik Қырғызстан тілшісімен әңгімелесті.
Қарияның ұлының аты Жениш Қалдыбаев. Ол 1981 жылы Ош қаласында дүниеге келген. Мектептен кейін Бішкектегі әскери бөлімдердің бірінде азаматтық борышын өтеген. 2007 жылы Қара-Судың екі қызымен Қазақстанға нәпақа табуға аттанған. Осыдан кейін жігіттің отбасымен байланысы үзіледі.
"Ол спортпен айналысты, өте батыл және осы өмірде өз орнын табуға ұмтылатын. Біз қыздар оны құлдыққа сатып жіберді деп күдіктенңп отырмыз. Егер осылай болмаса, дені сау және ересек адам анасымен неге хабарласпайды? Бір жылдан кейін екі қыз Қырғызстанға оралды, бірақ олар Жеништің қайда екенін білмейміз деп отыр", — деп әңгімеледі анасының досы Мақаева.
Оның айтуынша, өткен жылы баласы хабарласқан соң, анасының үміті қайта жанған. Ол ағасына қоңырау соғып, оны тезірек Астанадан алып кетуін өтінген. Жігіттің туғандары телефон нөміріне қайта қоңырау шалғанымен, одан ешқандай нәтиже шықпайды.
"Қырғызстан мен Қазақстанның құқық қорғау органдарын, сонымен бірге билікті Женишті табуға көмек көрсетуін сұраймыз", — деді Мақатаева.
Ол атап өткендей, жігіттің туыстары Қазақстанның Оштағы консулдығына барған, бірақ дипломатиялық өкілдіктегілер жоғалып кеткен адам туралы мәлімет жоқ екенін айтқан. Ал Астана полицейлері жігіттің жоғалып кеткеніне көп уақыт өткендіктен, таба алмайтынын жеткізген.