Оқиға

Ақау шыққан "Эйр Астана" ұшағы шұғыл түрде Ақтөбеге қонды

© Photo : Официальная страница авиакомпании "Эйр Астана" в Facebook"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы
Эйр Астана әуекомпаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақтың қозғалтқышында ақаулық болған

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Алматыдан Оралға ұшқан "Эйр Астана" авиакомпаниясының КС 881 рейсі Ақтөбеге қонды, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі. 

"2017 жылғы 5 наурызда Алматы-Орал бағыты бойынша КС 881 рейсін орындау кезінде пилоттар кабинасында қозғалтқыштағы ауа бөлу жүйесіндегі ақаулық туралы хабарлама келіп түсті. Қауіпсіздікті ойлаған экипаж ұшақты Ақтөбе қаласындағы жақын әуежайға қондырды", — де жазылған ресми хабарламада. 

Ақтөбе әуежайына инженерлер мен қосымша бөлім жіберілді. Жолаушылар Оралға жеткізілетін болады. 


Жаңалықтар
0