АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшеюі мүмкін.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с, кей жерлерде түнде тұман түседі.
Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстанда, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанда, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.