Саясат

Парламентте конституциялық түзетулерді екінші оқылымға әзірлеу басталды

© Sputnik / Болат ШайхиновСовместное заседание палат парламента РК
Совместное заседание палат парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6 наурызда парламенттің бірлескен отырысында заң жобасы екінші оқылымда қаралады

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Бүгін Мәжілістің барлық салалық комитеттерінде конституциялық түзетулерді екінші оқылымға әзірлеу басталды, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, комитеттердің күн тәртібіне бір ғана мәселе – 3 наурыз күні парламентте бірінші оқылымда мақұлданған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қойылды. Парламентшілермен бірге талқылауға конституциялық кеңестің, жоғарғы соттың, бас прокуратураның, нотариалдық палатаның, құқық қорғау ұйымдары академиясының, кәсіподақтар федерациясының, әділет одағының, әділет министрлігі сот-сараптама орталығының, президенті жанындағы басқару академиясы ҒЗИ-ның өкілдері де қатысты. 

Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді қайта ұсынды

Пікірталасқа бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың, мысалы, азаматтық альянс, т. б. өкілдері араласты. Депутаттардың талқылауынан кейін салалық комитеттер заң жобасы бойынша тиісті қорытынды жасаған.

"Бірлескен комиссияға ұсынылған осындай нормалармен танысуды бүгін жұмысын бастаған комиссия қолға алды. Сонымен қатар, комиссияға "Нұр Отан", Ақ жол, КНПК партиялары фракцияларының жиналысында "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, ұсыныстары берілді", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

6 наурызда парламенттің бірлескен отырысында заң жобасы бойынша жұмыс жалғасатын болады.

 

Жаңалықтар
0