Қоғам

Білім министрі арнайы мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновМинистр образования и науки РК Ерлан Сагадиев
Министр образования и науки РК Ерлан Сагадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлан Сағадиев соңғы кезде тарап кеткен ақпараттарды жоққа шығарды

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында бірқатар мамандықтың жабылғаны және "Серпін" жобасының тоқтатылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратқа байланысты видеоүндеу жасады. Министрдің мәлімдемесі ведомствоның фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған. 

Студенты вуза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" мамандығы алынып тастағаннан бейхабар

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне оқушылар! Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ "Серпін" жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал. Аталған қауесеттерді жоққа шығарып, ақиқатты жеткізу мақсатында бүгін кешке ҚР білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев сіздерге арнап бейнежауап дайындады", — деп жазылған министрліктің ресми парақшасында. 

Бейнематериалда министр жоғарыда аталған мəселелерге қатысты қандай жағдай қалыптасқандығы жөнінде шынайы мəліметтер береді.

Осыған орай министрлік педагогтар, ата-аналар мен оқушыларды тек сенімді дерек көздерінен таратылатын ақпаратқа жүгінуге шақыраған. 

Жаңалықтар
0