Оқиға

Қостанай облысында үш қыз жоғалып кетті

CC0 / / Жеткіншектер
Жеткіншектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, екі 13 жасар оқушы қыз Лисаковскіден Қостанайға аттанған

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Қостанай облысында үш мектеп оқушысы жоғалып кетті. Олардың екеуі туралы Лисаковск тұрғыны әлеуметтік желіде жариялады. Қыздардың жоғалғандығы туарлы ақпаратты Қостанай облысының ішкі істер департаментінде растады, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы. 

"Кеше үш 13 жастағы қыздар жоғалып кетті. Қазіргі уақытта полиция оларды іздестіріп жатыр", — деп хабарлады полицияда.

2 наурыз күні сағат 10-дарда жоғалып кеткен қыздарды іздеуде көмек сұрау туралы постты әлеуметтік желіде Лисаковск тұрғыны жариялады. 

"Рада Бобренко, Адия Ахметова, 13 жас. Рада ашық жасыл түсті күрте, сұр бас киім, сұр-жасыл және сарғыш қызыл мойынорағыш таққан. Қолында қара портфелі бар. Адия қызғылт күрте мен сұр бас киім киген", — деп жазды қыз. 

Оның деректеріне сәйкес, қыздар Лисаковск қаласынан Қостанайға қашып кеткен. Олардың қайда екендігі әлі анықталған жоқ. Үшінші оқушы туралы деректер жоқ. 


Жаңалықтар
0