Әлем

АҚШ сенаты британдық шпионның Трампқа қатысты "компроматын" естігісі келеді

© Sputnik / Игорь Михалев / Медиабанкке өтуАҚШ Конгрессі
АҚШ Конгрессі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы британдық барлаушы Кристофер Стил Трампқа қатысты "компроматымен " АҚШ Конгрессіне шақырылды

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті Ұлыбританияның бұрынғы барлаушысы Кристофер Стилдің жинаған деректерін тыңдауды көздеп отыр. Ол деректер Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа қатысты, деп хабарлайды РИА Новости Independent газетіне сілтеме жасай отырып.

Стил МИ-6-дан кеткеннен кейін тергеумен айналысатын Orbis Business Intelligence компаниясын құрды. Ол BuzzFeed жаңалықтар сайтында жарияланған баяндаманың авторы. Онда ресейлік агенттердің қолында Трампты әскере ететін материалдары бар делінген. 

АҚШ Конгресі Стилді куәгерлік етуге шақырды, алайды бұрынғы барлаушы бұл туралы әлі ойланып отыр. 


Жаңалықтар
0