АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Мемлекетті шығынға батырып, саяи проблема тудыратын референдум өткізуге қажеттілік жоқ, деді мәлім етті бүгін парламент палталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
"Конституциняны өзгертудің екі жолы бар. Біріншісі, Президент мәселені жалпыхалықтық талқылауға шығарады, яғни референдум өткізеді. Екінші жолы – парламентке жүгінеді. Биліктің мемлекеттік жүйесінің негізгі тұсы өзгермейтінін, бұл реформа адам құқығы мен бостандығына қатысты елеулі өзгеріс әкелмейтінін ескерсек, үлкен шығынды қажет ететін, саяи проблема тудыратын референдум өткізуге қажеттілік жоқ", — деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев екінші жолды таңдап, заң жобасын Парламентке ұсыну туарлы шешім қабылдағанын атап өтті.
"Депуттаттық корпус өздерінің заңнамалық жұмысын лайықты түрде, жауапкершілікпен орындайтынына сенімдімін", — деді президент.
Елбасы конституциялық реформаның басты мақсаты еліміздің басқару жүйесін мейлінше тиімді, тұрақты және заманға сәйкестендіру екенін баса айтты.