Өңірлер

Қазақстанда синоптиктер тұрақсыз ауа болады деп болжайды

© Sputnik / Руслан Шамуков / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың тек батыс және солтүстік-батыс бөлігінде —  ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде – тұман.

Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.


Жаңалықтар
0