АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі Қазкоммерцбанктің акциялар пакетін сатып алуға ниет білдірді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық банкі.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ және оның ірі акционерлері, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ және "БТА Банк" АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойылды.
Меморандумға сәйкес "Қазақстанның Халық банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуға ниетті. Өз кезегінде, "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алу жөніндегі әлеуетті мәмілені іске асыру үшін ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың проблемалық активтерді сатып алуы жолымен қаржылық қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр.
Осыған дейін ҚР Ұлттық Банкі банктердің менеджменті мен акционерлері "Қазақстанның Халық банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ арасындағы келіссөздер процестерінің басталғаны туралы хабардар етілді.