АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Колонияға күйеуіне ату жарақтарын беру үшін алып өтпек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Оқиға 1 наурызда ЕЦ-166/10 мекемесінде орын алды. 6636-әскери бөлімінің бақылаушысы З. Бексаринова күйеуіне кездесуге келген әйелін тексеру барысында 9 мм калибрлі 17 патрон тәркіледі. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді.
"Оның күйеуі колонияда қарақшылығы үшін жазасын өтеуде. Түрлі бап бойынша 9 жылға сотталған. Оның ішінде қаруды, оқ-дәрілері, жарылғыш заттарды заңсыз сату, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдауды көздейтін 287-бап та бар. Жазасын өтеуші ҰҚТ құрамына кірді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Мән-жайды тергеу анықтайды. Сол күні осындай жағдай ОВ-156/3 Өскемен қаласы мекемесінде де орын алды. Сотталған ағасына кездесуге келген әйелді тексеру кезінде шұлығынан 12 000 теңге табылды.