Қоғам

Депутат Қызылорда облысында уақытты бір сағат кейін жылжытуды ұсынды

CC0 / / Сағат
Сағат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенатордың айтуынша биологиялық уақыттың бұзылуы халықтың денсаулығы мен көңілкүйіне теріс әсерін тигізеді

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында уақытты бір сағат артқа жылжытуды ұсынды.

Отбасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде 39 жасқа дейінгі адамдар жастар қатарына енуі мүмкін

Бейсенбі күні премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал қойып сөйлеген сөзінде сенатор атап өткендей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстары бұрын бір сағаттық белдеуге тиесілі болған. Алайда кейін Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты бір сағат алға жылжытты, депутат осы жайтқа алаңдаулы.

"Географиялық белдеу бойынша табиғи биологиялық уақыттан ауытқу халықтың денсаулығы мен көңілкүйіне, күнделікті тіршілігіне теріс ықпалын тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ритмін бұзады", — деді Бақтиярұлы. 

Оның айтуынша, зерттеулерге сәйкес мерзімінен тым ерте ояну созылмалы аурулардың асқынуына, қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуына, қатерлі ісікке, суицидке, жол апатының көбеюіне, жаңа науқастардың туындауына әкеп соғуы мүмкін. 

Жаңалықтар
0