Экономика

Дәмеленбеңдер: Мұнай өңдеу зауыттары жаңарғанымен, жанар-жағармай бағасы төмендемейді

© AP Photo / Paul SakumaБензин
Бензин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың бірінші жартысында мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталғаннан соң, Қазақстан өз-өзін жанар-жағармайдың негізгі түрлері бойынша толық қамтамасыз ететін болады

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев үш ірі мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау үдерісін өзі жеке қадағалауға уәде берді.

Энергетика министрінің айтуынша, Шымкент МӨЗ модернизациялау келесі жылы бірінші жарты жылдықта аяқталуы тиіс, ал 2017 жылы екінші жарты жылда Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау жобасы аяқталатын болады. 

Оның айтуынша, МӨЗ модернизациясы Ресейден жанар-жағармай жеткізуге тәуелділіктен құтылуға септігін тигізеді, бірақ бұдан бензин бағасы төмендейді деген қорытынды жасауға болмайды.

"Баға өзгеруі мүмкін, өйткені оларды қазақстан үкіметі реттеп отыратын болады. Әлбетте, қажет болған жағдайда зауыт иелерімен, жер қойнауын пайдаланушылармен бұл мәселені шешеміз. Ықпалымыз күшейе түседі", — дейді министр.

Оның пікірінше, Қазақстан мен Ресей бір экономикалық одақта, сол себепті жанар-жағармай бағасы да "бір-бірінен алшақтамайды". 

Жаңалықтар
0