Өңірлер

Қазақстан синоптиктері наурызға ауа райы болжамын жасады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКөктем
Көктем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айдың бірінші бөлігінде еліміздің солтүстік жартысында 5...13 жылы, оңтүстік жартысында 13...23 жылы болады деп күтілуде

АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Қазақстанда наурыз айы салқын болады. Осы ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1…2° C жоғары, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында –норма шамасында болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық, республиканың қалған аумағында — нормадан жоғары  деп болжанады.

Көктемнің алғашқы айы жеткілікті салқын ауа райынан  басталады, бұл суық антициклонның енуінің салдарынан болады.  

Температуралық фон:  батыста  түнде 0…5 градусқа дейін аяз, күндіз 0… 8 жылы; солтүстік бөлікте және орталықта түнде 7…15 градусқа дейін аяз,  еліміздің шығысында түнде 20 градусқа дейін аяз, күндіз 0…5 градусқа дейін аязды; елдің оңтүстігінде фронталды бөлінудің күшеюі кезінде жауын-шашын болып, тау және тау бөктеріндегі аудандарда  кей жерлерде қатты болады, ауа температурасы төмендеп, түнде 3…13 градусқа дейін аяз, күндіз 3…2 гарадусқа дейін аяз, 3 градус нөлден жоғарыны құрайды.

Содан кейін белсенді циклонның батыстан шығысқа өтуі тұрақсыз ауа-райын:  солтүстік аймақтарда  қар аралас жаңбыр,  республикамыздың  қалған аумағында батыс желі соғып, көктайғақ тұман болады деп күтіледі. Наурыз айының 9-10 кезеңінде, кезекті антициклонның әсерінен ауа-райы  тұрақтанады, бірақ еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында температураның төмендеуімен, түнде 10… 20 градусқа дейін аяз, батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3…13 градусқа дейін аяз болады.

Ұзақ мерзімді болжам бойынша айдың бірінші жартысында, екінші және үшінші онкүндікте Орталық Азия ауданынан келген жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы: солтүстік жартысында 5…13 жылы, оңтүстік жартысында 13…23 жылы болады деп күтілуде. Ал наурыз айының  екінші және үшінші онкүндігінің жартысында суық ауа массаларының енуімен ауа- райы жауын-шашынды, суық басым болады деп болжанады.


Жаңалықтар
0