Қоғам

"Болашақ" студентін 25 млн астам теңге төлеуге міндеттеді

© Sputnik / Медиабанкке өтуСтудент
Студент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Болашақ" стипендиясының бұрынғы иегері мемлекетке оқуына жұмсалған барлық шығындарды өтеуге тиіс

АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Студентті "Болашақ" стипендиясынан айырып, сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты 25 миллионнан астам теңге төлеуге мінеттеді, деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. 

АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бес жыл бұрын жоғалған Болашақ студенті АҚШ-та табылды

Сот хабарламасына сәйкес, 2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда "Құрылыс және архитектура" мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шыққан. Тараптар арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалып, оған сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі "жақсыдан" төмен болмауы керек болатын. 

Алайда сотта белгілі болғандай, жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзған. Ол "Болашақ" халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның пайдасына 25 миллион 675 мың 842 теңге ақша төлейді. 


Жаңалықтар
0