Оқиға

Кезекшілік кезінде әйел өлімі болған сот күзетшілері жауапқа тартылады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кезекшілік кезінде әйел өлімі орын алған сот күзетшілері бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Сейсенбі күні ер адам әйелін пышақтап өлтірген кезде сот ғимаратында кезекшілік еткен күзетшілер немқұрайдылық үшін жауапқа тартылулары мүмкін, деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Бұрын хабарланғандай, сот ғимаратына пышақ алып кіру дерегі бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталған. 

Прокуратураның хабарламасына сәйкес, Амангелді аудандық сотында пышақты қолданумен қасақана адам өлтірілуіне байланысты, күзету және бақылап өткізу режимін жүзеге асыратын Қостанай облысы мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкерлерінің немқұрайдылық таныту фактісі бойынша (ҚР ҚК 371 бабының 2 бөлігі) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталған.

"Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының мамандырылған прокурорлар Басқармасы Амангелді ауданында қажетті тергеу жұмыстарын өткізуде.   Сот алдындағы тергеу нәтижелері қосымша хабарланады", —делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0