Оқиға

Балаларды құтқарған полицей Павлодардан елордалық ауруханаға жеткізілді

CC0 / / Аурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицей әлі ауыр хәлде жатыр

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Балалар мінген автобусты КамАЗ-бен соқтығысудан аман алып қалған павлодарлық полицей Мұрат Нұрпейісов санавиация ұшағымен Астанаға жеткізілді деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Махаббат Мұхамадиева.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарлық полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Оның айтуынша, алғашқы күндері полицей жан сақтау бөлімінде болады, кейін басқа бөлімге ауыстырылады. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Әрі қарай қандай ем көрсетілетінін елордалық дәрігерлер шешеді. Бұдан бұрын оған операция жасалады деп хабарланған еді.

Жол апаты 17 ақпан күні таңертең болған. Баянауыл АІІБ қызметкерлері – полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов пен сержант Баянбек Жүнісов мінген полиция көлігі балалар автобусымен бірге келе жатқан болатын. 

Полиция мәліметінше, 50 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы бетке өтіп кетіп, балалар мінген автобусты соғуға шақ қалады. Полицейлер балаларды құтқару үшін өздері мінген "Лада Гранта" көлігін КамАЗ-дың алдына көлегейлеген.

Жаңалықтар
0