Қоғам

Бүгін - Қазақстанда алғыс айту күні

© Sputnik/Михаил ЕпанчинцевБәйшешек
Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш рет алғыс айту күнін өткен жылы атап өттік

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Бүгін елімізде Алғыс айту күні. Қазақстан халқы тұңғыш рет бұл мерекені 2016 жылы атап өтті. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған еді.

Президент Алғыс айту күні туралы Ассамблея сессиясында: "Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн  1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді", — деген болатын.

Бүгін тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Алғыс айту күні  қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл қуғын-сүргін мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен кеңпейілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

Жаңалықтар
0