АСТАНА, 28 ақп — Sputnik. Қазақстандық қор биржасында (KASE) алғашқы шетелдік брокер пайда болды – ресейлік компания "УНИВЕР Капитал ООО. Брокерлік компания KASE мүшелігіне "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша қабылданды.
"Қор" санаты бойынша мүшелік KASE-де сатуға рұқсат етілген бағалы қағаздардың биржалық саудасына қатысуға құқық береді. "Деривативтер" санаты қаржы инструменттері жасайтын биржалық саудаға қатысуға құқық береді.
Биржа шетелдік брокерлерді тартып, қазақстандық нарықтың инвесторлық базасын кеңейтуге мүдделі. Бұл оқиға ЕАЭО аясында қазақстандық инструменттердің қатысуын кеңейтуге ықпал етеді", — деп түсіндірді KASE басқарма төрағасы Алина Алдамберген.