Саясат

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Жазылу
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бұрынғы директоры денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне келді

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып Алматыдағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Ләззат Ақтаева деп хабарлады министрлік баспасөз қызметі.

"ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қаулысымен Ләззат Мейрашқызы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды", — делінген хабарламада.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Ақтаева Алматы қаласындағы ҚР денсаулық сақтау министрлігі акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры болған.

Ләззат Ақтаева – медицина ғылымдарының докторы.

Жаңалықтар
0