АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Көктемнің алғашқы күндері Жерде магниттік дауылдар соғады деп болжайды астрономдар.
"2017 жылы 1 наурызда G1 (әлсіз) деңгейлі магниттік дауыл, 2 наурызда G1 (әлсіз) деңгейлі магниттік дауыл, 3 наурызда Жер магнитосферасының ауытқуы болуы ықтимал", — деп хабарлайды Ресей ғылымдар академиясы Физика институты зертханасының сайтында.
Күн жүйесіндегі өзге ғаламшарлардан айырмашылығы Жер бетінде магниттік өріс бар. Сол өріс бойы мен ғарыш кеңістігінде зарядталған бөлшектер жылжып жүреді. Күн белсенділігі ұлғайған кезде Жердің магниттік өрісіндегі зарядталған бөлшектердің саны артады. Бұл оның ауытқуына әкеп соғып, артынша геомагниттік дауылдар орын алады.
Дәрігерлердің айтуынша, магниттік дауылдар әсіресе адамның жүрек-қан тамыр жүйесіне зиянын тигізеді.