Саясат

Женевадан соң Сирия бойынша техникалық кездесулер Астанада өтуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанада Сирия бойынша техникалық кездесулер өтуі мүмкін
Астанада Сирия бойынша техникалық кездесулер өтуі мүмкін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР СІМ мәліметінше, женевалық келіссөздерден соң Астанада Сирия бойынша техникалық кездесулер өтуі мүмкін

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Женевадан соң Сирия бойынша техникалық кездесулер Астанада өтуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды деп хабарлады РИА Новости.

Сирия бойынша кездесу - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астана Сирия бойынша кездесуде қол жеткізілген келісімдерді қолдайды

"Бізде күтіп отырмыз. Әлі нақты белгілі болған жоқ, қазір Женевада сириялық келіссөздер өтуде. Бәрі сол келіссөздердің қалай өрбитініне байланысты болады. Сарапшылар деңгейінде қандайда бір техникалық кездесулер қажет пе, жоқ па анықталады", — деді Тілеуберді тілшілерге.

Мұхтар Тілеуберді атап өткендей, "Қазақстан бұған әрқашан дайын". "Біздің мақсатымыз – келіссөз алаңқайын ұсыну. Ең басты мәселе, біздің елге кездесуге келген қатысушылар қауіпсіздік кепілдігін алады", — дейді Тілеуберді. 

Жаңалықтар
0