Қоғам

Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты болды

© Sputnik / Владимир Баранов / Медиабанкке өтуСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отан" партиясының мүшесі Серік Сәпиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. "Нұр Отан" партиясының мүшесі Серік Сәпиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.  

"Бүгін Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі етіп тіркеу туралы шешім қабылдады", — деп хабарланған  ОСК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚР ОСК шешімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес "Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін табыс етті.

Жаңалықтар
0