АСТАНА, 28 ақп – Sputnik. Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Александр Генрихович Бородюк тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстаның футбол федерациясының ресми исайты.
Федерацияның жаттықтырушылар кеңесі оның ұлттық құрамалармен жұмыс тәжірибесінің молдығы мен қазақ футболына жақындығын ескерді.
"Басты себептің бірі Александр Бородюктің біздің құрамамен жұмыс істеуге деген ықыласы болды. Ол бірқатар ұлттық құрамалар мен өзге елдердің футбол ұйымдарының ұсыныстарынан бас тартты", — делінген хабарламада.
Келісімшарт үш жылға есептелген. Жаңа бапкерге жергілікті жас таланттарды ашу, құраманы жасарту міндеті жүктелді. Қазақстан футбол федерациясы бұл тапсырманы жүзеге асыруға Александр Бородюктің мол тәжірибесі жететініне сенімді.
Талғат Маруанұлы Байсуфиновтің Қазақстан Ұлттық құрамасындағы жемісті еңбегі мен отандық футболдың ерекшеліктерін жетік білетіні ескеріліп, ҚФФ жетекшілері оны Федерацияның техникалық директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.
Талғат Маруанұлы U-17 құрамасынан бастап ұлттық құрамаға дейінгі командалардың жұмысын жақсы ұйымдастыру қабілетіне ие және құрамалардың бапкерлеріне әдістемелік көмек көрсете алады.
Сонымен қатар, оның жаңа қызметіне футбол клубтары мен орталықтарында құрама үшін футболшылар дайындау міндеті кіреді.